Сайт мәзірі
Бөлімдер категориясы
Интернеттен алынған [23]
Сауалнама
Менің сайтыма баға бере кетіңіз
Барлық жауаптар саны: 51
Статистика

Онлайндағы қолданушылар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру әдістемесі

Мақалалар топтамасы

Бастапқы » Статьялар » Ғаламтордан алынған статьялар » Интернеттен алынған

Ауа райын болжау
Қазақ жұлдызшыларының өмі-
рге әкелген үлкен жаңалығы мен жетістігі аптаның әрбір күнінің жеке қасиеттеріне анық-тама беретін есеп қағидасы – Күн санау. Ол Шығыс елінің ғылымына, Ислам дінінің қағи-
даларына, жүздеген жылғы халық тәжірибесіне арқа сүй-
ей отырып, қазақ халқының оқымыстылары мен көріпкел-
дері, емшілері мен жұлдызшы-лары бірлесе жасап шығарған әр аптаның әр күнінің қасиеттері мен ауа-райының болжамдары туралы нақты тұжырымдамасы.
1. Түрлі өзгерістер мен
құбылыстарға
байланысты
Халқымыз жылдың әр айы мен тоқсанында болатын ауа-
райындағы, табиғаттағы өзгері-стер мен құбылыстарды алдын-ала болжап, оған ат қойып, айдар тағып отырған. Жылдың он екі айындағы табиғат құбылысына байланысты халық-
тық қағидаларға сәйкес болжамдар мен атаулар наурыз айынан бастау алады.
Өліара. Бұл – екі айдың арасындағы уақыт. Халқымыз: «Өліарада жауын-шашын болса, жаңа ай (келесі ай) жауынды-шашынды болады», - деп, өліара арқылы ауа-райына болжам жасаған. Ол дәлме-дәл келген.
Амал. Бір жылдың ішінде ыстық пен суық, қар мен жаң-быр, жел мен боран айналып келіп отырады. Халық оны осылай деп атап, жылдың әр мезгіліндегі өткінші әрі тосын, аз уақытта болып өтетін табиғат өзгерістері мен көріністерін жеті амалға балап, оларды былай түрлеп, түстеген:
1. Күннің тоқырауы. 2. Қара-шаның қайтуы. 3. Үркердің батуы. 4. Мұздың қатуы. 5. Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7. Ай тоғамы.
Құс қанаты. Наурыз айының соңына қарай жылы жақтан құстар ұшып келе бастағанында қар аралас жаңбыр, суық жел тұрып, ауа райы бұзылады. Оны халық құс қанаты дейді. Бейне - бір суық құс қанатымен келгендей.
Аласапыран. Наурыз, сәуір-де қардың күрт еріп, айналаның лайсаңға айналуын осылай деп атаған, - дейді аталарымыз.
Бесқонақ. Наурыздың 17-21 аралығында жауын-шашын болады. Жыл сайын осылай қайталанып тұрады. Бес күнге созылатын суық әрі лайсаң күндерді қазақ бесқонақ деп атап, бұл кездері көшпей, жолға шықпай, сақтық шараларын жасаған.
Қызыр қамшысы. Сәуір айы-ның орта кезінен кейін алғаш рет найзағай ойнайды, жаңбыр жауып, жер бусана бастайды. Бұл атаудың найзағайдың жарқылына байланысты қойы-лғаны анық.
Тобылғы жарған. Сәуірдің соңғы күндеріндегі 2-3 күн болатын суық желді осылай деп атайды. Халық осы күннен бастап тобылғы бүршік жарады, өсімдіктер тамыр жаяды, алғашқы көк шығады деп ойлайды.
Қызыл жұмыртқа. Дала (су) құстары мамыр айының алғашқы онкүндігінде жұмыртқадан балапан шығара бастайтын мезгіл. Ол 1-2 күнге созылады. Күн суытады.
Құралайдың салқыны. Мамыр айының соңына қарай бірнеше күн суық жел соғады. Жер сыз, ықтасын болмаған соң киіктердің төлі орнынан тұрып, енесіне еріп, аяқтанады. Киіктердің төлін өргізетін осы мезгілдегі ызғар-құралайдың салқыны. Ақбөкендерге тән қасиет – олар құралайын жетім қалдырмай, енесі жоғын емі-зіп, бауырына салып, аман сақтайды.
Үркердің батуы. Маусым айы туғанда үркер мүлдем көрінбей кетеді. Осыған орай осылай аталған мезгіл. Оны үркердің жерге түсуі деп атайтындар да бар. Бұл мезгілден кейін 40 күн шілде басталады. Біздің ата-бабаларымыз соған сәйкес: «Үркер жерге түспей жер қызбайды», - деген.
Қырық күн шілде. Маусым, шілде айындағы ыстықтың 40 күнге созылатын мезгілі. Сол себепті ол осылай аталып кеткен.
Үркердің толғағы. Шілде айының орта кезінен басталатын, мал-жанға қолайлы мезгіл. Бұл кезде үркер туады, жер құрғайды, шөптің буыны қатаяды, сарғаяды.
Таразының тууы. Халқы-мыз: «Таразы туса таң суыр», - деген. Себебі, тамыз айының ортасында ауа райы суытады, қою бұлт пайда болады, күз нышаны көрініс береді.
Мизам шуақ. Қыркүйек айы-ның екінші онкүндігінде салқын басталып, жаңбыр жауып, түне-мелік шөп басына шық түскенде, күндіз шуақты сәттер пайда болады. Сол кезде далада ұзыннан – ұзақ мизамдар шұбатылып көрінеді. Соған байланысты қой-ылған мезгіл атауы.
Сүмбіленің тууы. Халқымыз: «Сүмбіле туса – су суыр», - деп те айтқан. Өйткені, қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келіп, суық, жаңбырлы күндер жиілейді.
Қарашаның қайтуы. Бұл айда алғашқы қар түсіп, құстар жылы жаққа қайтады. Соған байланысты осылай деп аталса керек.
Қырбастың қызылы. Жел-
тоқсанның басында болатын алғашқы аяздың атауы. Қазақ-станның солтүстігінде қыс ерте түседі, қатты аяздар басталады.
Текенің бұрқағы. Желтоқ-сан айының соңғы онкүндігінде қазақ даласында қатты боран соғып, киік текесі маталады (ұрғашы киіктерді қашырады). 2-3 күн ішінде маталу толық аяқталатын мезгілдегі осы боранның атауы – «Текенің бұр-қылы». Оны «Текенің бұрқағы» деп те атайды.
Күннің таласуы. Халықтың таным-түсінігінде қаңтардың ал-ғашқы күнінде күн бой көтереді, сол кезде ауа-райы өзгеріп, қар жауады, сырғыма жүреді.
Қыс шілдесі. Бұл – қаң-тардың соңғы күндеріндегі қыс-
тың күшіне енетін кезі. Сол уақытта сақылдаған сары аяздар туады. Осы аязды уақытты қаза-қтар «Қыс шілдесі» деп бейнелі түрде атаған. Тек, «Қыс шілдесінің» адамды жылытпайтыны жаман.
Бөрі сырғақ. Ақпан айында ат құлағы көрінбейтін борандар соғып, айдың соңында сырғақ пен қатты боранды күндері қасқырдың арланы мен қаншығы жұптасады. Сырғақ – бұршақтан кіші, мұзды қар түйіршіктері. Көнекөз қариялар қасқырлардың жұптасуына орай ақпанның соңғы сырғақ пен боранды күндерін «Бөрі сырғақ» деп атайды.
Табиғаттың теңеуі
Қазақтар табиғаттағы кейбір құбылыстарды теңеулі түрде айтып, оларға қызықты атаулар қойған. Соның ең бастылары:
1. Алтын күрек – көктемде соғатын жылы желдің атауы.
2. Өкпек жел – жазғытұрым соғатын желді осылай деп атайды.
3. Қарасуық – күздегі өңменіңнен өтетін суық күндер.
4. Соқыр жаңбыр - күн шығып тұрғанда сіркіреп жауатын жылы жаңбыр.
5. Қысыр бұлт – түнеріп
келгенімен жаңбыр жауғызбай-
тын бұлттың атауы.
6. Ұзынсары – наурыз айында күннің ұзаруы. Оны халық «Ұзынсары келгенде» деп бейнелеп айтады. Ұзынсарыға байланысты қазақта қызық әңгіме бар...
2. Жан – жануарларға
байланысты
Біздің дана халқымыз жан-жануарлардың мінез-қылығына, іс-әрекетіне қарап та келесі күннің, көктем, жаз, күз, қыстың қандай болатынын алдын-ала болжаған. Бір ғажабы, бұл болжамдардың қай-қайсы да шындыққа айналып, дәл келеді.
Қыста торғайлар ұясына ма-мық тасыса, күн кенеттен қатты суып кетеді.
Қыстыгүні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса, аяз басталады.
Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады. Аязды күні қанатын желпінсе, аяз басылады.
Ит арқасынан түлесе, қыс жайлы, бауырынан түлесе, қыс қатты болады, - дейді.
Құр, шіл қардың астына тығы-лса, ұзамай боран басталады, - деп болжам жасалады.
Қырғауыл мазасызданып, қат-ты айқайласа, жер сілкінетін кө-рінеді...
Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылиды, аяқтарын бауырына тығып жатса, күн суытады немесе боран ұйытқиды, - дей беріңіз.
Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады деп күткен жөн.
Қарлығаштар аспанда самғап, биік ұшса – күн ашық, төмендеп ұшса – жаңбыр жауып, жел тұрады.
Қатты жел, дауыл алдында құмырсқалар әбігерленіп, мазасызданады.
Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса боран немесе дауыл тұрады.
Қараторғайлар топтана ұшып, аспанда неше түрлі қимылдар жасаса, күз ұзаққа созылады.
Егер қой тұяғымен төсін қаси-тын болса, қыс боранды болады.
Қой тісін қайраса, боран немесе дауыл соғуға тиіс.
Мысық пешке тығылса – аяз-дың алды, ит аунаса – жаңбыр жақын.
3. Табиғатқа байланысты
Халқымызда жұлдызшылар да, табиғат тамыршылары да аз болмаған, қазір де бар. Олар әрбір күннің атуы мен батуына, ай мен жұлдыз, күннің қалай көрінуіне, тіпті қардың қалай түскеніне сәйкес те алдағы ауа-райынан хабардар болып отырған. Оның ел есінде сақталған түрлері мен тәсілдері көп. Соның бір тобы мынандай:
Жауын немесе боран жұма күні басталса, ол келесі жұмаға дейін басылмайды.
Қыста күн құлақтанса, ол – қатты аяздың белгісі.
Жазда күн кенет ысып кетсе, көп ұзамай жаңбыр жауатыны белгілі.
Жазда құйын көп болса, қыс боранды. Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы.
Күн бұлтқа батса, келесі күн жауын-шашынды.
Көктемде күн көп күркіресе, егін, шөп мол шығады, - деп ырымдайды.
Батар күн қызыл шапаққа малынса, келер күн жазда ыстық, қыста жұмсақ болады.
Бұлт ортасынан ыдыраса, ауа-райы бұзылады, шетінен ыдыраса, күн жылынады.
Қызара батқан күн – желдің, ашық сары болып батқан күн – жаңбырдың белгісі.
Ай қызыл түспен қораланып, сол шеңбер кеңейіп барып жоғалса, келесі күн ашық болады. Осындай екі шеңбер немесе күңгірт бір шеңбер көрінсе, ол - қатты суық болады деген хабар.
Желсіз түні түтін жерге қарай шалқыса, қыста – қар, жазда – жаңбыр жауады.
Қораланған күннің шеңбері тар болса, ауа-райы тез бұзылады.
Көктемде жауған қар үстіндегі құмалақ батып кетсе, көктем ерте туады, батпай тұрса, көк-тем кеш туады.
Наурыз күні қар жауса, ол жылы жақсылық көп.
Көктем туғанда таң шашырап атса, ол жылы молшылық, береке көл-көсір.
Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе, күн жылынады, жазда терлесе, ауа-райы бұзылады.
Шолпан жарқырап туса, егін, шөп, жеміс бітік шығады.
Жазда жұлдыздар жарқырап тұрса, келер күн ыстық. Қыста жарқырап көрінсе, келер күн аязды.
Ай қораланса, жаз жаңбырлы, қыс қарлы, боранды. Күн қора-ланса, қар қалың жауады.
Қыста кемпірқосақ туса, жыл берекелі, жайлы, мал төлді, егін, шөп бітік, қуаныш көп болады, - деп жориды.

Алынған жері: http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=80683
Категория: Интернеттен алынған | Орналастырған!: kosmos (26.12.2011)
Қаралуы: 9406 | Пікірлер: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 1
0  
1 adilet   (25.10.2014 11:42) [Материал]
ооооооооооооооооооо апай 5 койды

Тек тікелген қолданушылар ғана пікір қоса алады.
[ Тіркеліу | Кіріу ]