Сайт мәзірі
Бөлімдер категориясы
Интернеттен алынған [23]
Сауалнама
Қандай да бір сұрақ

Барлық жауаптар саны: 16
Статистика

Онлайндағы қолданушылар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру әдістемесі

Мақалалар топтамасы

Бастапқы » Статьялар » Ғаламтордан алынған статьялар » Интернеттен алынған

Арша Кипарис

Аршаға да араша керек!

   0 178
Абай ОМАРОВ (коллаж)

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Негізінен, тау ағашы болып есептелетін аршаны бүгінде ірі қалаларымызды көркейту үшін де егетін болды. Яғни ауылдық ағаш қалалық атанып, жерсіндірілуде. Оның үстіне шетелден будандастыру амалымен өндірілген неше түрлі ағаш егіліп жатыр. Оны жаңа жылдың ажарын ашатын бір күндік ағаш деп есептейтіндер қатты қателеседі. 

Қысы-жазы бір түсте болатын арша мен шыршаның қоршаған ортаға тигізер пайдасы мол. Мәселен, ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, арша жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтып, айнала­сы­на 1,5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен. Арша ор­ма­нының 1 гектары жылына 18 миллион м3 ауа­ны көміртегі газынан тазартып, 50-65 тоннаға де­йін шаң-тозаңды зиянды газдардан арылтып, сүзіп оты­ратын көрінеді. Осыдан-ақ арша ағашының адам­зат­қ­а тигізер пайдасын бағамдай беруге болар. Одан бө­лек, дәл осы арша ағашынан тұрмысқа қажетті не­ше түрлі бұйымдар жасалынады. Музыкалық аспап жа­­салса, дауысы әуезді болып шығады. Қолөнер бұ­йым­дарын жасауда да кеңінен пайдаланылады. Әсі­ресе таулы ауданның тұрғындарының арша ағашына деген «махаббаттарында» тіптен шек жоқ. Оның се­бебі төрт түлік малмен күн көріп отырған халық сол төрт тұяқтыларының сүтін айранға айналдырып, пісу үшін арша ағашынан күбі жасайды. Бұл ағаштың бе­рік­тігі сонша – аптап ыстықта да арасы ашылып, қаң­сып кетпейді. Иісі көпке дейін сақталады. Дәл осы ар­шадан жасалған күбіде пісілген қымыз бал татиды. 

Сондай-ақ арша бөліп шығаратын шайырды жоғары технологиялық өңдеуден өткізіп, лак жасап шығарады. Медицинада да кеңінен қолданылады. «Арша орманы орналасқан аймақ түрлі қауіп-қатерден аулақ болады» дейді мамандар. Себебі әртүрлі дәрумендер, химия үшін шикізат, емге лайық таза ауамен қамтамасыз ететін оның пайдасы шаш етектен десе де болады. Оның тау беткейіндегі топырақты тұрақтандырып, ылғалды сақтап қалуға да тигізер септігі мол. Арша ағашы ауаға от­те­гімен қоса ұшпалы заттар – фитиноцидтер бөліп шығарады. Олар айналасындағы ауру тудыратын микробтарды жойып жібереді. Яғни бактериялар мен саңы­рау­құлақтарды өлтіретін фитиноцидтік қасиеті бары дәлелденді. Сондықтан да биолог ғалымдардың арша ағашы өскен жерді нағыз жұмақ деп санауы тегін емес. Тянь-Шянь тауларының беткейінде тұтаса өскен Іле Алатауының шыршалы, аршалы ор­мандарын ғылыми тілде шөлдегі оазис деп атайды. 

Бүгінде елімізде тұтастай арша аға­шы­нан тұратын мұндай ормандар аз. Оң­түстіктегі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аймағына кіретін Төле би, Түлкібас, Қазығұрт аудандарының таулы аймақтарының аумағында 4934,0 гектар тек арша ағашынан ғана тұратын орман бар. Қазіргі таңда парктегі тұқымбақта арша көшеттерін көбейтіп өсіру қолға алын­ған. Осы мақсатта парктің Сайрамсу шатқалында аршаның тұқым учаскесі ашылған. Бұл өз кезегінде арша ағашының көбеюіне кепілдік береді. Алайда арша ағашына ынтық жандардың қатары азаймай отыр. Әсіресе жаз бен қыс маусымында аршаны арқалап кететіндер көп. Ара мен балтадан арашалау үшін әр аршаның түбіне қарауыл қоюға мүмкіндік жоқ. Маман жетіспейді. Бұған азғана айыппұлмен бөгет бола алмасымыз тағы анық. Мәселен, Швецияда бір арша мен шыршаны кескені үшін 5000 доллар айыппұл салады екен. Осыдан кейін аршаны кеспек түгіл, көргеннің өзінде айналып қашатыны анық. Көрші Ресей елінің де орман туралы заңы қатал. Бүгінде орман-тоғай мәселесі ғаламдық проблемаға айналып отыр. Сондықтан да аршаны аман сақтап қалу үшін қазірден қам жасау қажет-ақ. 2004 жылдары орман комитетінің маманы «жылына 100 мың түптей арша мен шырша Жаңа жылдың сәнін кіргізу үшін қырқылады» деген дерек келтіргені бар еді. Бүгінде қаншасы Жаңа жылдың құрбандығына шалынатындығы туралы нақты дерек жоқ. Яғни ешкім де есепке алып, санаққа іліктіріп жатқан жоқ деген сөз. «Қызыл кітаптың» төрінен орын алуы керек демегенмен де, аршаға араша керек-ақ. Табиғатқа да, адамзатқа да тигізер пайдасы шаш етектен болатын арша ағашына қамқорлық қажет. Ол үшін нақты бағдарлама дайындалып, мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынуы тиіс. 

Құрманәлі ЖҮНІСОВ, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бас директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары: 

– Бүгінде арша ағашының өте си­рек кездесетін бір түрі «Қызыл кітап­қа» енгізілген. Өсіп-өнуі қиындау ағаш­қа қамқорлық қажет-ақ. Оны одан ары дамыту үшін бірқатар шар­а­лар қолға алынуда. Дегенмен әлі де атқарылар шаруалар баршы­лық. Ар­ша ағашын кесуге құмбыл қарақшы­лар­мен күрес тоқтамайды. Парктің аума­ғына жақын маңдағы елді мекен тұрғын­дарымен түсінік жұмыстарын жүр­гізіп тұрамыз.



Арша-ақпарат 

Бүгінде тау аршаларының ТМД елдері аймағында 20-дан астам түрі, Қазақстанда 10 түрі өседі. Олардың арасында Қызыл, Сауыр, Дробов, Талас және Сібір атты түрлері бар.



Аршаға – араша

 ҚР Әкімшілік кодексінің талаптарына сай тауда өсетін аршаны заңсыз кескені үшін мемлекеттік қызметкерлер мен жеке кәсіпкерлерге – 50-70, ал жеке тұлғаларға 25-30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.


Автор: Гүлжан Көшерова

Категория: Интернеттен алынған | Орналастырған!: kosmos (06.05.2011) W
Қаралуы: 3083 | Рейтинг: 5.0/1
Барлық пікірлер: 0
Тек тікелген қолданушылар ғана пікір қоса алады.
[ Тіркеліу | Кіріу ]